ТҮРКІСТАНДА ПАВЛОНИЯ ӨСІРУ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысында экологиялық жағдайды жақсарту, жасыл аймақтарды ұлғайту және өңірдің көгалдандыру әлеуетін арттыру бағытында павлония ағашын егу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. «Болашақ ағашы» аталған бұл өсімдік бүгінде Түркістан қаласының кіреберіс аумақтарында да өсіп, өңір келбетіне ерекше көрік беруде.
Павлония – оңтүстік өңірдің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген, жылдам өсетін ағаш түрі. Қолайлы ортада жылына бірнеше метрге дейін өсіп, биіктігі 20–25 метрге жетеді. Сонымен қатар ұзақ уақыт гүлдеп, ауаны тазартып, көмірқышқыл газын сіңіру қабілетімен ерекшеленеді.
Аталған ағаш тек көгалдандыруда ғана емес, өндірістік тұрғыда да маңызды. Оның сүрегі жиһаз өндірісінде, сондай-ақ қайық, шаңғы, музыкалық аспаптар мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жасауда кеңінен қолданылады.
Мамандардың айтуынша, павлония өсіру ісі экологиялық бастамамен қатар, табысты агроөндірістік бағыт ретінде де қалыптасып келеді. Түркістан өңірінің табиғи ерекшеліктері бұл жобаны тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, павлония өсіру жобасы – өңірде жасыл экономиканы дамытуға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және жаңа өндірістік мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған маңызды әрі перспективалы бастама.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1200917?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version