Аудандық білім беру қызметкерлері арасында өткен жарыстар аясында әйелдер және ерлер арасында волейболдан тартысты бәсекелер ұйымдастырылды. Аталған спорттық іс-шара жоғары деңгейде өтіп, педагогтер қауымының бірлігі мен салауатты өмір салтын ұстанудағы белсенділігін айқын көрсетті.
Әйелдер арасындағы турнир ерекше достық және қолдау атмосферасында өтті. Қатысушылар жоғары дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін паш етті. Әр ойын әсерлі сәттерге толы болып, көрермендердің қызығушылығын арттырды.
Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын — Жабаглы негізгі мектебі;
ІІ орын — А. Баймулдин атындағы орта мектеп пен Такир негізгі мектебінің құрама командасы;
ІІІ орын — Тлектес орта мектебі.
Ерлер арасындағы ойындар да аса тартысты әрі қызықты өтті. Командалар жоғары шеберлік, төзімділік және ұйымшылдық танытып, нағыз спорттық рухты көрсетті. Әр кездесу шиеленісті өтіп, жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.
Ерлер арасындағы жарыс қорытындысы:
І орын — Казын орта мектебі;
ІІ орын — Әйтей негізгі мектебі мен Жанатан мектебінің құрама командасы;
ІІІ орын — Малыбай орта мектебі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, әріптестерінің ыстық ықыласына бөленді.
Осындай спорттық шаралар ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өзара ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға зор ықпал етеді. Алдағы уақытта да мұндай игі бастамалар жалғасын табады деген сенім мол.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1201620?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау