Абай облысы, Ақсуат ауданы оқушылары арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде 10–11-сынып оқушыларына арналған «Заң мамандықтары» тақырыбында заң саласында қызмет ететін мамандармен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуге Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Сейтолда Дархан Сейтолдаұлы, Ақсуат аудандық прокуратурасының прокуроры Ақжасар Думан Қонысбекұлы, Ақсуат аудандық полиция бөлімінің капитаны Кәрімов Бақытжан Төлеубекұлы қатысты.
Мамандар оқушыларға өз мамандықтарының ерекшеліктері, оқу орындары, сондай-ақ заң саласы мамандықтарына түсу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1201673?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау