Жаңа білім беру стандарттары: Алматыдағы бес мектеп халықаралық IB бағдарламасын енгізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда бес мектеп Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық алаң ретінде айқындалды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері айтты.

Жоба аясында №201 мектепте Халықаралық бакалавриаттың негізгі мектепке арналған Middle Years Programme (MYP) бағдарламасы бойынша сарапшылардың верификациялық сапары өтті. 7–8 сәуір онлайн форматта өткен бұл сапар халықаралық білім беру стандарттарын енгізу бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі болды.

Бағалау барысында мектеп әкімшілігімен, педагогтермен, оқушылармен және ата-аналармен сұхбат жүргізілді. Сарапшылар MYP бағдарламасының оқу үдерісіне енгізілгенін, пәнаралық тәсілдің қолданылуын, сондай-ақ оқушылардың сыни ойлау және зерттеу дағдысының дамуын жоғары бағалады.

Білім басқармасының өкілдері пилоттық жобаға №4 мектеп-интернаты, сондай-ақ №27 және №105 мектептер де енгізілгенін айтты.

«Бүгінде бес мектеп Халықаралық бакалавриат бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық алаң ретінде анықталды. Біздің міндет — халықаралық білім беру стандарттары қаланың мемлекеттік мектептерінде қолжетімді болатын жүйе қалыптастыру», — деп атап өтті басқарма өкілдері.

Келесі кезеңде аталған мектептер Халықаралық бакалавриаттың авторизацияланған мектептері мәртебесін алуға үміткер болады.

Халықаралық бакалавриат (IB) — сыни ойлау, зерттеу дағдылары мен жаһандық дүниетанымды дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама әлемнің 150-ден астам елінде жүзеге асырылып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1201660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version