Есіл қаласында Агротехникалық колледж базасында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Намыс» Спартакиадасы шеңберінде өтетін «Жас ұлан-2026» облыстық әскери – спорттық ойынының салтанатты ашылуы өтті.
🔹Салтанатты ашылуды Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Сыздықпаев өткізді. Іс — шараға үздік 10 командасы-белсенді, мақсатты және патриоттық рухты жастар қатысуда.
«Жас ұлан» әскери — спорттық ойыны- бұл жай ғана жарыс емес, көшбасшылық қасиеттер қалыптасатын, мінезі шыңдалатын және елдің болашақ қорғаушылары тәрбиеленетін нағыз батылдық мектебі.
⚜️Барлық қатысушыларға адал күрес, жарқын жеңістер, өз қабілеттеріне сенімділік және лайықты нәтижелер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/1201401?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау