Құрметті сауда-саттыққа қатысушылар!
«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі 2026 жылы 30 сәуір сағат 10:00 (Астана қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің e-qazyna.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.
Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 09 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу туралы » Қазақстан Республикасының Заңына және “Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы”, “Ақпараттандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қабылданады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Сатылатын жер телімі: уақытша жер пайдалану.Сатылымға қойлатын жер телімдеріне шектеулер мен ауырпашылықтар жоқ. Сатылымға қойлатын жер телімдеріне қойлатын салықмөлшері:
-Қаратау қаласы бойынша – 1 шаршы метр 6,87 теңге;
-Ауылдық елді мекендер – 1 шаршы метр 0,48 теңге.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін:
– жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
– бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен рәсімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде жасалынып және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып оған қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; ТТК: 730; Кбе: 16.
Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарна қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:
|
Р/с |
Жер учаскесінің мекен-жайы |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің ауданы (га) |
Жер теліміне құқық түрі |
Жер учаскесіне шектеулермен ауыртпашылықтар |
Бастапқы баға |
Кепілдік жарна жер учаскесінің 5 % қүрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге) |
|
1 |
Талас ауданы, Көктал ауылдық округі, Көктал ауылы, С.Сейфуллин көшесі № 35 |
Ғимараттар (құрылыстар мен құрылысжайлар) салу және оларға қызмет көрсету үшін |
0,2500 |
Уақытша үш жыл мерзімге |
Жоқ |
25275 |
216250
|
|
2 |
Талас ауданы, Қаратау ауылдық округі, Есейхан ауылы, Есейхан көшесі № 57 |
Ғимараттар (құрылыстар мен құрылысжайлар) салу және оларға қызмет көрсету үшін |
0,2500 |
Уақытша үш жыл мерзімге |
Жоқ |
25275 |
216250
|
|
3 |
Талас ауданы, Ақкөл ауылдық округі, Ақкөл ауылы, есептік квартал 027, жер телімі №570 |
Ғимараттар (құрылыстар мен құрылысжайлар) салу және оларға қызмет көрсету үшін |
0,2500 |
Уақытша үш жыл мерзімге |
Жоқ |
25275 |
216250
|
Ұйымдастырушы: «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (72644) 4-01-46.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1201498?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау