Жүктелген міндеттер уақытылы әрі сапалы орындалуы керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықовтың төрағалығымен кезекті жиналыс өтті.

Жиында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары талқыланды.

Осыған байланысты жауапты бөлімдерге бірқатар шаралар қабылдап, макроэкономикалық көрсеткіштерді жақсарту тапсырылды.

Сонымен қатар аудан бюджетінің игерілу деңгейі де қаралып, қаржының толық әрі уақытылы игерілуі қатаң бақылауға алынатыны ескертілді. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану – басты міндеттердің бірі екені айтылып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысында Шыңғыс Әбділәмитұлы барлық көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатынын айтып, бірқатар міндеттер жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1200951?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version