Ақтау әкімдігінде қала тазалығына қатысты жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
15 сәуір күні Ақтау әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ерғали Скендировтың төрағалығымен шаһардың санитарлық тазалығы мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының маңыздылығына тоқталып, жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, қаланың туристік аймақтарындағы тазалық деңгейі көңіл көншітпейтінін жеткізіп, орын алған олқылықтарды қысқа мерзімде жоюды тапсырды.

– «Таза Қазақстан» акциясын ағаш егу немесе сенбілік өткізу деп есептемеу керек. Жол жиегіндегі кәсіпкерлік нысандардың я болмаса тұрғын үйлердің аумағындағы тазалыққа қатысты түрлі мәселелер бар. «Халық айтса, қалып айтпайды» демекші, елдің үніне көбірек құлақ асып, оларды шешу бағытында нақты жұмыстар жүргізіңіздер, – деді Ерғали Скендиров.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде күшейту тапсырылды. Сондай-ақ, алдағы күндері туристік аймақтардың санитарлық жағдайына қатысты тексеру жұмыстарын ұйымдастыру міндеттелді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1202629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version