Астанада құтқарушының отбасына пәтер кілті табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Жаңартылған екі бөлмелі пәтердің кілті Астана қаласы ТЖД Техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Олжас Кәкімовтың отбасына берілді.

  Салтанатты іс-шараға Қазақстанның ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы Анаргүл Әбуева және Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Мәуленбердиев қатысып, құтқарушының отбасын қоныс тойымен құттықтады.

  Жаңа пәтердің жалпы ауданы 54 шаршы метрді құрайды, ол толықтай тұруға дайын: жиһазбен және тұрмыстық техникамен жарақталған, бұл отбасының жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды. Аталған бастама Қазақстандық құтқарушылар қорының қолдауымен іске асты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1202354?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version