Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек заңнамасын бақылау басқармасының басшысы Жанболат Мұқышев еңбек құқығының өзекті нормаларын және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістерді, соның ішінде қашықтан жұмыс істеу және қоса атқару мәселелерін түсіндірді.
Еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ еңбек дауларын келісу комиссиясы арқылы сотқа дейін реттеу тәртібіне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit/press/news/details/1202635?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау