Астаналық таеквондошы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының таеквондошы Айым Серікбаева (-44 кг) жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол Понсе Нуньес Дара Ширлиді (Мексика) 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, араға 20 жыл салып Айым Серікбаева Қазақстанға жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Бұған дейін таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медальді 2006 жылы жеңіп алған.

Сонымен қатар, жас таеквондошы Айым Серікбаеваның Азия чемпионы және жастар Азия ойындарының жеңімпазы атағына әлем чемпионы титулы қосылды.

Айта кетерлігі, Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әлем біріншілігі 17 сәуірге дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1201755?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version