БӘЙДІБЕК: АҒЫБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаев жұмыс сапары барысында Ағыбет ауылдық округінде болып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйімен танысты.
 
Іссапар аясында аудан басшысы ең алдымен Ағыбет ауылындағы ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарының барысын көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударды. Сонымен қатар, 2025 жылы пайдалануға берілген балалар ойын алаңшасын аралап, ауыл тұрғындары үшін жасалған жағдайлармен танысты.
 
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында егілген тал көшеттерінің күтімі қаралып, көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.
 
Сондай-ақ, Ағыбет ауылы Т.Рысқұлов көшесінде жаңадан орнатылып жатқан электр бағаналары мен желілерді жаңғырту жұмыстары да назардан тыс қалмады.
 
Әрі қарай Ағыбет орталық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
 
Жиын соңында азаматтарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
 
Жалпы, аталған іссапар барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстардың барысы сараланып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1202513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version