Бәйдібек ауданы әкімінің мігдетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаев Алғабас ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сапар барысында Қазата ауылындағы спорт және ойын алаңшалары, Шақпақ ауылындағы көшелерге жүргізіліп жатқан жол жөндеу (асфальт, аяқ жол) жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, жаңа спорт кешенінің жай-күйі таныстырылды.
Округте тұрғындар көтерген бірқатар мәселелер өз шешімін тапқан. Атап айтқанда, Шақпақта қатты қалдықтар полигоны салынды, спорт кешені пайдалануға берілді, Қазатада ойын алаңшалары іске қосылды және ағын су жүйесі жаңартылды.
Ағымдағы жылы да бірқатар жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда, көгалдандыру, футбол алаңдарын жаңарту, көше жарығын орнату және Шақпақ ауылындағы 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған.
Сапар соңында аудан басшысы тұрғындармен кездесіп, жиын қорытындысында жеке қабылдау өткізді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1202521?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау