Бас консул Урал мемлекеттік медицина университетіне барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

08.04.2026 ж. Екатеринбург Қазақстан Республикасының Бас консулы  Мамутбеков Жарас Урал мемлекеттік медицина университетінің жаңадан тағайындалған ректор Семенов Юриймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бас консул білім ошағының қызметі мен алдағы даму жоспарларымен, сондай-ақ студенттердің білім алу жағдайларымен танысты. Сонымен қатар, ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Медуниверситет пен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылым-білім беру саласындағы әртүрлі бағыттар бойынша қарым-қатынастарды кеңейтуге өзара қызығушылық танытып, оны белсенді түрде дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

 

Анықтама: 1930 жылы құрылған Урал мемлекеттік медицина университеті Уралдың жетекші медициналық университеті болып, Ресейдегі ең үздік 100 университетінің қатарына кіреді, медицина, фармация және әлеуметтік жұмыс саласындағы жоғары кәсіби кадрларды дайындайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

Бүгінгі таңда бұл Медуниверситетте 9 000-нан астам студент білім алып, олардың қатарында 100-ге жуық Қазақстанның азаматтары болып табылады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ekaterinburg/press/news/details/1201858?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version