Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қайтару туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айырбастауға және қайтаруға жатпайды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі – №104 бұйрық) 16-1-тармағына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айырбастауға және қайтаруға жатпайды.

Алайда, сатып алушыға тауарды қайтаруға немесе айырбастауға мүмкіндік берілетін жағдайлар қарастырылған.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар мынадай жағдайларда қайтарылуға жатады:

  • жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда;
  • тұтынушы тарапынан кемшіліктер анықталған жағдайда.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бірі анықталған кезде, сатып алушы чекті ұсыну арқылы тауарды дәріханаға қайтара алады.

Сонымен қатар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қайтару және айырбастау мүмкін еместігі туралы ақпарат бөлшек сауда объектілерінде келушілерге көрінетін жерде №104 бұйрықтың 14-тармағына сәйкес орналастырылуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1202168?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version