Елшінің Паневежистегі іскер топтармен кездесуі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Паневежис, 2026 жылғы 15 сәуір — Қазақстанның Литвадағы Елшісі Т. Оразаев Паневежис қаласына жұмыс сапарымен барып, оның аясында Паневежис сауда, өнеркәсіп және қолөнер палатасының өкілдерімен, сондай-ақ өңірдің іскерлік қауымдастығымен кездесу өткізді.

Іс-шараға Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бірқатар компаниялардың өкілдері қатысты, оның ішінде сауда, білім беру, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда.

Кездесу барысында Елші Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі үрдістері, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар және шетелдік инвесторлар үшін мүмкіндіктер туралы баяндады. Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың болуы, сондай-ақ инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары атап өтілді.

Цифрландыру және инновациялар саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше назар аударылды. Қазақстанда GovTech, FinTech және цифрлық инфрақұрылым бағыттарының белсенді дамып келе жатқаны, ал 2026 жыл Жасанды интеллект жылы болып жарияланғаны атап өтілді. Елші сондай-ақ Қазақстанның литвалық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін, оның ішінде қазақстандық IT шешімдерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселесін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хаб ретіндегі рөлінің артуын ескере отырып, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту маңыздылығы атап өтілді.

Сапар аясында Елші жартылай тіркемелер мен көлік жабдықтарын өндіруге маманданған «Schmitz Cargobull Baltic» кәсіпорнына барды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1202119?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version