Бүгін депутаттық корпус өкілдері «Лесная поляна» ТА-дағы №20 үйдің ауласында тұрғындармен есептік кездесу өткізді.
Кездесуге мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков, депутаттар Ш.Ибраев, С.Дүкенбаев, И.Осипова, мәслихат аппаратының қызметкерлері мен коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жұртшылық балалар алаңдары, футбол алаңдары, жертөле мәселесі, көлік тұрағы, жол жөндеу, жаяу жүргінші жолағы, жылу беру, су беру, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, оған өкілді орган өкілдері жауап берді.
Кездесуде көтерілген маңызды сауалдар бойынша атқарушы органдарға, жауапты тұлғаларға депутаттық сауалдар жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1201764?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау