2026 жылғы 15 сәуірде Атырау облысы әкімдігі бекіткен Халықтың мақсатты топтарына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облысының Махамбет ауданындағы «Өнерпаз» мәдениет үйінде жастарға, аудандағы білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларына арналған «Қоғам қауіпсіздігі – білімді ұрпақ қолында» атты іс-шара өткізілді.
Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары, Болашақ Президент бағдарламасының түлегі, Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ә. Әділбекова республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрамында спикер ретінде қатысуға шақыру алып, «Қауіпсіздік білімнен басталады немесе менің жолым: білім арқылы қоғамға үлес қосу» тақырыбында баяндама жасады. Т.Ә.Әділбекова өз тәжірибесімен бөлісу арқылы жастарға қоғамымызда қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі білімді ұрпақтың рөлін түсіндірді.
Одан әрі Т.Ә.Әділбекова Сарайшық музейі мен Айдана агро жылыжайының қызметкерлерімен де кездесіп, білім мен ғылымның рөліне тоқталып кетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1202126?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау