Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінде 2026 жылдың І тоқсаны бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Есепті кезеңнің нәтижелері бойынша жедел-қызметтік қызметтің жай-күйі талқыланған кеңес өтті. Жиынға Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жумагулов Ильяс Байжуманович қатысты.
Кеңес барысында:
- аудан аумағындағы жедел жағдайға жан-жақты талдау жасалды;
- құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қарастырылды;
- қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы басым міндеттер айқындалды.
Сонымен қатар, бөлім басшылығы мен жеке құрамға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары белгіленді.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты міндеті.
https://www.instagram.com/reel/DXMUaeJikUf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1202587?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау