Облыс әкімі Асайын Байханов Ақтоғай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Балдәурен» жаңа балалар өнер мектебіне барып, 24 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсіміне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жаңа тұрғын үй қоныстануға дайын. Пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына: жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді.

Іс-шара барысында өңір басшысы жаңа қоныс иелерін көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.

– Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Соңғы үш жылда ауданның 80-нен астам тұрғыны жаңа баспанаға ие болды. Бүгін тағы 24 пәтердің кілтін табыстап отырмыз. Сабырлық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, – деді облыс әкімі.

Жаңа қоныс иелерінің атынан Ботагөз Саликова сөз сөйлеп, мемлекет пен өңір басшылығының қолдауын атап өтті, сондай-ақ баспаналы болуға берілген мүмкіндік үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында облыс әкімі 140 бала білім алатын «Балдәурен» балалар өнер мектебіне барды. Осы уақытқа дейін сабақтар 1938 және 1950 жылдары салынған, 100 орынға ғана шақталған екі бейімделген ғимаратта өткізіліп келді. Бүгінде мекеме қосымша білім беруді дамытуға арналған заманауи жағдайлармен қамтамасыз етілген. Мектепте бисер тоқу және арт-студия, логодаму кабинеті, домбыра мен қобыз сыныптары, ағылшын тілі кабинеті, сондай-ақ хореография және театр залдары жұмыс істейді. Оқу екі ауысымда ұйымдастырылған.

Өңір басшысы қосымша білім беру жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай мекемелер балалардың талантын ашуға және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1201790?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version