«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Петропавл қаласының мәдениет үйінде «Өмір сүру құқығы» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Отбасын қолдау орталығы, Әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы ЖҚБ, «Сенім Солтүстік» ҮЕҰ және «Надежда NORD» қайырымдылық қорының мамандары қатысты.
Кездесуге пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған 60-қа жуық сотталған қатысты.
Іс-шара барысында ұйым өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өз қызмет бағыттары мен қиын өмірлік жағдайға тап болған есептегі тұлғаларға көрсетілетін көмек түрлері туралы баяндады. Әлеуметтік бейімделу, жұмысқа орналасу, психологиялық қолдау көрсету және тәуелділіктен арылу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ кездесуге бұрын сотталған, қазіргі таңда өмірін оң арнаға бұрып, тәуелділіктен арылып, жеке кәсібін ашып, отбасы құрған азаматтар шақырылды. Олардың өмірлік тәжірибесі қатысушылар үшін маңызды мотивациялық үлгі болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қолдау көрсету, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен жұмыс жүргізу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1202144?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау