Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ЖОО арасында ынтымақтастық нығайтылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жоғары оқу орындарымен үшжақты меморандумдарға қол қойды.  Құжат – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.

       Келісімнің негізгі мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тиімді серіктестік орнату, ғылыми-білім беру әлеуетін біріктіру, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру арқылы саладағы өзекті мәселелерді шешу. Сонымен қатар, меморандум аясында тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу және өндіріс талаптарына сай білікті мамандар даярлау көзделген. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жоғары оқу орындарына салалық бағыт-бағдар беріп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптар мен стандарттарды айқындайды, сондай-ақ практикалық және әдістемелік қолдау көрсетеді.

       Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, сондай-ақ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Аталған жоғары оқу орындарында мұнай-газ, химия және металлургия бағыттары бойынша кадрлар даярлау қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бұл салалар өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі тірегі ретінде стратегиялық маңызға ие.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1202557?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version