2026 жылғы 15 сәуірде Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Санекулов А.М.-ның төрағалығымен ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларына нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығына аттестаттау өткізілді.
Аумақтық аттестаттау комиссиясының шешімімен маманға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы екі жыл мерзімге беріледі.
Аталған аттестаттауға Павлодар облысының 8 ауданынан (Ақтоғай, Железин, Ертіс,Шарбақты аудандары, сондай-ақ Павлодар және Екібастұз қалалары) 17 лауазымды тұлға қатысты.
Аттестаттау қорытындысы бойынша 16 лауазымды тұлғаға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1202359?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау