Қарағанды облысында ірі өндірістік нысанда өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық бақылау және қадағалау аясында «KAZAKHMYS SMELTING» ЖШС (Балқаш мыс балқыту зауыты) нысандарында кешенді тексеру жүргізуде.

Тексеру барысында жабдықтардың техникалық жағдайына, жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуына, сондай-ақ персоналдың ықтимал төтенше жағдайлар, оның ішінде апаттар мен өрттер туындаған жағдайда әрекет етуге дайындығына ерекше назар аударылуда.

Персоналға апаттық жағдайлар мен өрттердің алдын алуға бағытталған қолданыстағы нормалар мен ережелер, сондай-ақ негізгі өндірістік тәуекелдер түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1202279?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version