Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 505-бабы елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті реттейді, оған санитарлық жағдайды сақтау, көгалдандыру және нысандарды күтіп-ұстау кіреді.
1. Жасыл желектерге қатысты бұзушылықтар
– рұқсатсыз ағаштарды кесу
– ағаштар мен бұталарды зақымдау немесе кесу
– жасыл желектерге тиісті күтім жасау
– қураған және апатты ағаштарды уақытылы жоймау
2. Аумақты қоқыспен ластау
– қоқысты белгіленбеген жерлерге тастау
– қалдықтарды контейнерлерден тыс орналастыру
– рұқсатсыз қоқыс үйінділерін (свалкаларды) жасау
3. Аумақты уақытылы тазаламау
– қоқыстың жиналып қалуы
– қар мен мұздан тазаламау
– аумақта қалдықтардың болуы
4. Құрылыс жұмыстары кезіндегі бұзушылықтар:
– құрылыс алаңдарын қоршаудың болмауы
– жұмыстардан кейін қоқысты қалдыру
– абаттандыру элементтерін бүлдіру
5. Ғимараттарды тиісті деңгейде ұстамау
– қасбеттердің бұзылған күйі
– аумақтың қараусыз қалуы
– қоқыс жәшіктері мен контейнерлердің болмауы
6. Іргелес аумақты күтіп-ұстау талаптарын бұзу
– іргелес аумақтың тазаланбауы
– тротуарлар мен кіреберістерге күтім жасамау
Айыппұл мөлшері
жеке тұлғаларға — 20 АЕК-тен бастап
лауазымды тұлғаларға — 30 АЕК-тен бастап
заңды тұлғаларға — 100 АЕК-тен бастап
Қайталанған бұзушылық
Бір жыл ішінде қайта бұзушылық жасалған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғайтылады.
Жауапкершілікке тартатын органдар:
Әкімдік және полиция
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-pobeda/press/news/details/1202065?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау