Астрахан қаласында Қазақстан Республикасының тапсырысы бойынша салынған «Иртыш-2503» атты өздігінен жүрмейтін көпшөмішті жерснарядты суға түсіру рәсімі өтті.
Бұл кеме Қазақстан су жолдары кәсіпорнының тапсырысы бойынша Стройлидерплюс компаниясында салынған жаңа сериядағы алғашқы жоба болып табылады.
Өнімділігі сағатына 250 текше метрді құрайтын жаңа жерснаряд су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуге арналған. Мұндай кемелер кеме қатынасы жолдарын күтіп ұстау және су көлігі логистикасын дамыту үшін аса маңызды.
Сонымен қатар, олар құрылысқа қажетті бейметалл материалдарды өндіру барысында да кеңінен қолданылады.
Қазақстан мен ресейлік кеме жасау кәсіпорны арасындағы ынтымақтастық бірнеше жылдан бері табысты жүзеге асырылып келеді. Бұған дейін жасалған келісімшарттар аясында топырақ тасымалдауға арналған өздігінен жүрмейтін шаландалар, екі жерснаряд, сондай-ақ шөгуі 1 метр болатын төрт буксир салынды. Бұл техникалар өзендердің таяз учаскелерінде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan/press/news/details/1202109?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау