Қазақстанда балаларға қосымша білім беруді дамытудың жаңа тетіктері талқылануда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16-17 сәуір күндері «Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту: қолжетімділік, сапа және іске асырудың жаңа тетіктері» тақырыбында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың басшылары мен педагогтеріне арналған Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, Республикалық үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстар мен қалалардың білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтері бар.

Отырыста қосымша білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, заманауи білім беру форматтары мен цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелері басты назарға алынды.

Кеңес барысында 2025 жылғы қосымша білім беру жүйесінің жұмыс қорытындылары қарастырылып, жаңа цифрлық құралдар таныстырылуда. Сонымен қатар балалар туризмін, экологиялық білім беруді және өлкетануды дамытуға қатысты тұжырымдамалық тәсілдер талқылануда. Негізгі бағыттар бойынша – ғылыми-техникалық, экологиялық, туристік-өлкетану, көркем-эстетикалық және әлеуметтік-педагогикалық бағыттарда секциялық отырыстар жоспарланған.

Іс-шара барысында STEM-білім беруді дамыту, балалардың шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ білім беру үдерісіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Республикалық үйлестіру кеңесінің жұмыс қорытындысы бойынша балаларға қосымша білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1202088?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version