«Қазіргі ғылымның парадигмасы: ғылыми ойды жаңғырту және инновациялық дамыту жағдайындағы теория мен практика»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 15 сәуірінде Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова «Қазіргі ғылымның парадигмасы: ғылыми ойды жаңғырту және инновациялық дамыту жағдайындағы теория мен практика» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Аталған конференция Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы базасында өтіп, филиалдың негізін қалаушылары Т.Ж. Атжанов пен А.М. Родиновтың құрметіне өткізілді.

🔹Іс-шара барысында оқу орнының басшылығы мен мемлекеттік органдар өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Конференция жұмысына Өзбекстан Республикасы, Израиль, Чили, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасынан келген ғалымдар мен сарапшылар қатысты, бұл кең ауқымды халықаралық ғылыми диалог орнатуға мүмкіндік берді. Конференцияның мақсаты – озық тәжірибе алмасу, құқық, экономика, жасанды интеллект және педагогика салаларындағы өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ практикалық ұсыныстар әзірлеу болды.

🔸Конференция аясында қызметті жоспарлау тиімділігі, жасанды интеллекттің дамуы жағдайындағы гуманитарлық білімнің трансформациясы, сондай-ақ тарихи-лингвистикалық мәселелерге арналған баяндамалар ұсынылды. Іс-шараға қатысу кәсіби тәжірибе алмасуға, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және ғылыми әрі кәсіби қауымдастық өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1201797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version