ҚАЗЫҒҰРТ: ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ АЙБЕК СӘТТІБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Айбек Сәттібаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қазығұрт ауданына арнайы келді. Сапар барысында ол аудан аумағындағы маңызды нысандардың бірі – Қазығұрт асуында орналасқан «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешенінің жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов аталған кешенде жүргізілген қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жөнінде жан-жақты баяндап, нысанның алдағы даму жоспарларымен бөлісті.
Айта кетейік, Қазығұрт асуында орналасқан «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені жаңғыртылып, абаттандыру жұмыстары толық жүргізілген. Жобаны «Қарағанды Көркем» ЖШС жүзеге асырды.
Абаттандыру жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталып, 2025 жылдың қазан айында аяқталды. Мемориалдық кешеннің жалпы аумағы – 5 гектар.
Сонымен қатар кешен аумағында биіктігі 51 метр болатын мемлекеттік Ту орнатылған. Сонымен қатар 1880 шаршы метр аумаққа газон төселіп, 29 жарықтандыру шамы қойылды. Айналаны көгалдандыру мақсатында 400 түп шырша көшеті егілді.
Нысан құрамына кеме пішіндес, биіктігі 11 метр болатын монумент, нақыл сөздер жазылған 3 монумент, 2 демалыс орны, 2 сауда орны, сондай-ақ әжетхана енгізілген.
Аталған құрылыс жұмыстары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, туристік әлеуетті арттыруға және елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1202336?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version