Қостанай облысының шағын футбол (футзал) бойынша әуесқой командалар арасындағы чемпионаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысында әуесқой командалар арасында шағын футболдан чемпионат өз мәресіне жетті. Турнир тартысты өтіп, жанкүйерлерге қызықты әрі әсерлі ойындар сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай командасы иеленді. Екінші орын Рудный қаласының командасына бұйырса, үшінші орынды Қарасу ауданының командасы алды.

Сондай-ақ чемпионат барысында жекелеген номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталып, олардың шеберлігі мен командаларының жетістігіне қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға адал ойын мен жоғары деңгейдегі бәсеке үшін алғыс білдіріп, мұндай жарыстардың өңірдегі бұқаралық спортты дамытудағы маңызын атап өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1201773?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version