Екатеринбург, 14 сәуір 2026 ж. – Бас консул Ж.Мамутбеков Урал Федералды университетінің ректоры И.Обабковпен кездесті.
Тараптар жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан білім беру саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы динамикасына қанағаттанушылықтарын білдірді, сондай-ақ қазақстандық студенттерді УрФУ-да оқыту мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда олардың саны 1312 адамды құрайды.
Сонымен қатар, Ж.Мамутбеков Қазақстандағы заманауи реформалар туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тағылымдамалар және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру арқылы өзара іс-қимылды ұлғайтуға және тәжірибе алмасуды жандандыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ekaterinburg/press/news/details/1202292?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау