Құрметті Риддер қаласының тұрғындары! Естеріңізге сала кетейік, қалада «Құқық кабинеті» жұмыс істейді «Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты тегін ала алатын және мемлекеттік электрондық сервистерді пайдалана алатын орын.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Риддер қаласының тұрғындары!

 Естеріңізге сала кетейік, қалада «Құқық кабинеті» жұмыс істейді

 

«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты тегін ала алатын және мемлекеттік электрондық сервистерді пайдалана алатын орын.

 

«Құқық кабинеті» қандай мүмкіндіктер береді?

 

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және «Заң» дерекқорына қолжетімділік

  • қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу мүмкіндігі
  • e-Otinish арқылы өтініш беру;
  • egov қызметтерімен жұмыс
  • «Ашық НҚА» порталына және мемлекеттік органдардың басқа да цифрлық сервистеріне қолжетімділік
  • жабдықты пайдалану: компьютер, принтер, телефон, веб-камера.

 

Мекен-жайы: Риддер қаласы, Семенов көшесі, 19, “Риддер қаласының әкімдігі”ММ ғимаратында

 

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08: 00 – ден 17: 30-ға дейін.

 

«Құқық кабинеті» – бұл сізге жақын жерде тегін құқықтық көмек алудың ыңғайлы және қолжетімді мүмкіндігі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1202032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version