Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылғы 16 сәуір күні сағат 16:30-дан 17:30-ға дейін Тараз қаласы Қазыбек би көшесі №137 мекенжайында орналасқан «Ұлттық банк» (қойма) күзет нысанында «Шабуыл» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.

Осыған байланысты, көрсетілген уақытта аталған аумақта арнайы қызметтердің қозғалысы, дабыл белгілері және жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Атап айтқанда, Қазыбек би – Әйтиева, Қазыбек би – Қойгелді, Қазыбек би – Желтоқсан, сондай-ақ Желтоқсан – Әйтеке би көшелерінің қиылыстары уақытша жабылатын болады.

Азаматтардан оқу-жаттығулар кезінде сабыр сақтап, жалған ақпарат таратпауды және түсіністік танытуды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1202509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version