Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы дәуірінде интернет күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн-сатып алу, қашықтан оқу, жеке деректерді сақтау және бизнес жүргізу — мұның барлығы бүгінде қалыпты құбылыс. Алайда, қолайлылықпен қатар қауіп-қатерлер де артып келеді. Соның ішінде ең өзекті мәселелердің бірі — киберқылмыс.
Осыған орай, цифрлық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Жетісу облысы киберполиция қызметкерлері Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы — соңғы уақытта жасөспірімдер жиі тартылып жатқан дропперлік схемалар болды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қылмыстық схемаларға тарту тәсілдерін жан-жақты түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, мұндай әрекеттерге қатысудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ерекше атап өтті.
«Жетісу облысының киберполиция қызметкерлері ескертеді: интернетте “жеңіл әрі қауіпсіз табыс” деген болмайды. Оның артында ауыр қылмыс жасырынуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1202306?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау