Абай облысына жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» қоры өкілдері Семей қаласында экологиялық шара өткізіп, Бейбітшілік аралындағы орман тұқымбағына ағаш көшеттерін екті. Облыс әкімі Берік Уәли мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысқан іс-шара Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өтті.
Шара барысында мыңнан астам көшет отырғызылды. Егілген көшеттердің қатарында емен, терек, шаған, жөке, шәңкіш, кәдімгі шырша, тал, долана, қарағаш бар. Жалпы 9 түрлі ағаш пен бұта егілді.
«Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Биыл «Самұрық-Қазына» тобы 5 млн түптен астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасы. Біз үшін бұл жай ғана акция емес, күнделікті философиямыз. «Таза Қазақстан» біздің басты құндылықтардың бірі болып табылады», – деді ол.
Айта кетейік, соңғы екі жылда қор компаниялары 5,8 млн түп ағаш отырғызған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1202174?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау