Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың бірінші тоқсанында еңбек мәселелері бойынша азаматтардың жүгіну саны айтарлықтай артты. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне 588 өтініш түскен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысының орынбасары Қайрат Аблқайыров мәлімдеді.
Шағымдардың басым бөлігі еңбек қатынастарына қатысты — 572 өтініш. Осыған байланысты инспекция тарапынан 83 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде еңбек заңнамасының жүзден астам бұзушылығы анықталды.
Сонымен қатар оң динамика да байқалады: өңірде өндірістік жарақаттану деңгейі 12,5%-ға төмендеген. Есепті кезеңде өндірісте 21 жазатайым оқиға тіркеліп, оның біреуі өліммен аяқталған.
Сонымен бірге жалақы бойынша берешек мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Сәуір айының ортасындағы жағдай бойынша үш кәсіпорында қызметкерлер алдындағы қарыз 11,6 млн теңгені құрады.
Дереккөз: ШҚО ӨКҚ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1202466?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау