Сұрақ-жауап айдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жағдайында азаматтардың уәкілетті органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылының қолжетімділігі мен ыңғайлылығы ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда Adilet Gov мобильді қосымшасы атқарушылық іс жүргізу саласында да кеңінен қолданылуда.
Adilet Gov қосымшасы азаматтарға атқарушылық іс жүргізулер туралы өзекті ақпаратты электрондық форматта алуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы қозғалған атқарушылық істердің бар-жоғын, олардың ағымдағы мәртебесін, берешек сомасын, сондай-ақ қолданылған мәжбүрлеп орындату шараларын, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулерді көруге болады.
Қосымшаның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — жеке сот орындаушысына (ЖСО) тікелей өтініш жолдау. Бұл өзара іс-қимыл форматы атқарушылық іс жүргізу тараптарына сот орындаушысының кеңсесіне жеке бармай-ақ, өтініш жолдауға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдеуге және байланыс процесін жеңілдетуге жағдай жасайды.
Adilet Gov қосымшасы арқылы жолданған өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде, яғни бес жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысы тарапынан қаралады. Өтінішті электрондық форматта жолдау оның тіркелуін және қаралу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етіп, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1201793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version