СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салалар бойынша құқықтық статистика мен әлеуметтік зерттеулер нәтижелері қаралып, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды.
Атап айтқанда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Э. Бейсенова мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Досжанов баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіп, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады.
Сонымен қатар, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ш. Тоймаханның есебі тыңдалды.
Жиын қорытындысы бойынша мекемелер қызметіндегі ішкі талдау жұмыстарын күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1201767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version