Тараз қаласындағы мектепте өрт-тактикалық сабақ өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласындағы №60 орта мектепте №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Іс-шара барысында шартты өртті сөндіру және мектеп қызметкерлерімен өзара іс-қимыл пысықталды. Аңыз бойынша өрт мектептің екінші қабатындағы кітапханада орын алған. Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндіріп, 50-ге жуық адамды эвакуациялап, бір зардап шегушіні құтқарып, алғашқы көмек көрсетті. Сондай-ақ оқушыларға өрт сөндіргішті пайдалану ережелері түсіндіріліп, алдағы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары еске салынды. Сабақ соңында ғимараттың ерекшеліктері зерделенді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1202379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version