Таразда Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таразда Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара жалғасын тапты. Ауқымды жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары, сала ардагерлері, оқу орнының түлектері мен әлеуметтік серіктестері қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары тобының атынан жолданған бейнеқұттықтауды депутат Гүлдара Нұрымова жеткізіп, колледждің медициналық кадрлар даярлаудағы айрықша үлесі мен елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да құттықтау хатын жолдап, онда оқу орнында мамандар даярлау сапасының жоғары деңгейі, колледждің тұрақты дамуы және халықаралық талаптарға сай заманауи білім беру технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстары ерекше көрсетілді.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің атынан жолданған құттықтау хатты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Отарбай оқыды. Онда колледждің өңірге білікті медициналық кадрлар даярлаудағы рөлі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі кеңінен баяндалды.

Іс-шара барысында үздік оқытушылар, қызметкерлер және сала ардагерлері құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.

Мерейтойлық кешке шетелдік серіктестер мен еліміздің әр өңірінен келген медициналық колледждердің өкілдері де қатысты. Бұл оқу орнының жоғары беделі мен халықаралық ынтымақтастығының нығайып келе жатқанын көрсетті. Сонымен қатар, ардагерлер мен түлектердің жүрекжарды лебіздері кештің мазмұнын арттыра түсті. Олар колледждің өз кәсіби қалыптасуындағы маңызын ерекше атап өтті.

Салтанатты кеш шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен өткен гала-концертпен түйінделіп, мерейтойлық іс-шараның жарқын әрі есте қаларлық қорытындысына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1201969?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version