Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Кедендік тексерулер және валюталық бақылау» тақырыбында брифинг өтті.
Спикер: Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Айдос Қадірбердиев.
Брифинг барысында кедендік тексерулердің негізгі бағыттары, олардың мақсаттары мен нәтижелері баяндалды. Есепті кезеңде облыс бойынша 24 кедендік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 250 млн теңге көлемінде қосымша төлемдер есептелді, оның ішінде 135 млн теңге бюджетке өндірілді. Сонымен қатар, кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, тәуекелдерді басқару негізінде жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Бұл тексерулердің ашықтығын арттырып, адам факторын азайтуға мүмкіндік береді. Валюталық бақылау бағыты бойынша да маңызды ақпараттар ұсынылды. 2024 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарына валюталық бақылау функциялары жүктелген. Бүгінгі күнге дейін 980 банктік бақылау карточкасы тіркелген. Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 30 млрд теңгеден астам айыппұл салынып, өндіріп алу үшін тиісті органдарға жолданды. Әкімшілік практика аясында: – 62 іс сотқа жолданды; – 169 іс қаралды. Сонымен қатар, спикер сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан кездесетін негізгі бұзушылықтар мен проблемалық мәселелерге тоқталып, заңнама талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті. Басты мақсат – айыппұл салу емес, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, адал бизнеске қолайлы жағдай жасау және қаржылық тәртіпті нығайту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1202349?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау