Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокуратура қызметкерлері №117 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесуге 150-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Оның барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, соның ішінде интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтар талқыланды.
Кездесу барысында оқушыларға интернет-алаяқтық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормалары түсіндірілді. Оның ішінде фишинг, дропперлік сияқты түрлері, сондай-ақ сталкинг және интернеттегі өзге де құқыққа қайшы әрекеттер мәселелері қамтылды.
Дәріс интерактивті форматта өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1202060?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау