Жамбылда МСАК қызметін жетілдіруге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбылда МСАК қызметін жетілдіруге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының медицина қызметкерлері мен штаттан тыс мамандарына ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсетті.

Іс-шара аясында саладағы бірқатар өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу қағидалары, орфандық аурулары бар пациенттерді жүргізу тәртібі, сондай-ақ паллиативтік көмекті ұйымдастыру мен көрсету тетіктері назарға алынды.

Кездесу барысында жетекші сарапшылар мазмұнды баяндамалар жасап, тәжірибелік ұсынымдарымен бөлісті. Олардың қатарында ҚР ДСМ штаттан тыс бас медициналық генетигі Гүлшара Абильдинова, Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Майра Бейсен, сондай-ақ балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету бойынша штаттан тыс бас маман Нурила Малтабарова бар.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, пациенттерді жүргізу сапасын жақсарту және медициналық көмекті ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру.

Іс-шара қорытындысында Жамбыл облысының МСАК ұйымдары мен денсаулық сақтау басқармасына нақты ұсынымдар беріліп, алдағы жұмысты жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1201963?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version