Жетісу облысында ЖОМС мәселелері бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🏛️ Талдықорған қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы алаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Б.Молдахметов пен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ Өмірді сақтандыру компаниясы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының директоры Е.Баужановпен жоспарлы кездесу өткізілді.

🖊️ Кездесу барысында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың 2026 жылғы 13 наурыздағы бұйрығымен бекітілген жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын (ЖОМС) жасауды қамтамасыз ету жөніндегі 2026 жылға арналған Жоспарды іске асыру бойынша, жоспарланған іс-шаралар, сондай-ақ ЖОМС шарттарын жасау бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған алдағы бірлескен іс-шаралар пысықталды.

✅ Отырыс барысында облыс мәслихаты депутаты «PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының президиум мүшесі Б.Файзулин мен облыс мәслихаты депутаты Р.Салыкова сөз алып, ЖОМС шарттарын жасауға қатысты туындайтын, әрі жиі кездесетін мәселелерді талқылады.

📄 Талқылау қорытындысы бойынша, ұйымдарды ЖОМС шарттарымен қамту деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды келісу жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1202016?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version