Бұл норма әрбір жұмыс істейтін қазақстандықтың, әсіресе жас ұрпақтың сенімді “қаржылық жастығы”болуы үшін енгізілді. Енді болашақ зейнетақы үш көзден құралады: мемлекеттік базалық төлем, БЖЗҚ-дағы жеке жинақтар және жұмыс берушінің қосымша “шартты-жинақтаушы” компоненті.
Бұл тәсіл қызметкерге өмір бойы қосымша төлемдер алуға кепілдік береді. Бұл әсіресе 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылғандар үшін өте маңызды: олардың зейнетақы капиталы аударымдардың тұрақтылығына және жүйеге қатысуға тікелей байланысты болады.
2026 жылы мұндай жарналардың мөлшерлемесі қызметкердің табысының 3,5% құрайды. Жүйе кезең – кезеңімен енгізілуде-2028 жылға қарай ол 5% нысаналы көрсеткішке жетеді.
Бұл механизмнің тиімділігі ағымдағы жылдың нәтижелерімен расталады. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,8 млн қызметкерді қосымша зейнетақы құқықтарымен қамтамасыз етті. Жыл басынан бері қазақстандықтардың пайдасына 951 млрд теңге аударылды.
Бұл ретте мемлекет мүдделер теңгерімін сақтады: бизнес үшін жүктеме қолайлы деңгейде қалады. Салық кодексіне сәйкес, МЗЖ төлейтін компаниялардың барлық шығындары салық салынатын кірістен шегерімдерге жатады, бұл жұмыс берушілерді ашық әлеуметтік саясат жүргізуге және өз ұжымына қамқорлық жасауға ынталандырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1201939?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау