ЖУАНТӨБЕДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Ашық форматта өткен жиында аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды кеңінен таныстырды.
Кездесу барысында округ әкімі Дәуіржан Абраевтың атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Тұрғындар ауылдағы оң өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, аудан көлемінде жүзеге асып жатқан игі бастамаларға жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, жеке қабылдау кезінде жұмыспен қамту мен әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарын жолдап, өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жуантөбе ауылы үшін биылғы жыл да жемісті болмақ. Атап айтқанда, ауылда заманауи спорт кешенінің құрылысы басталады. Сонымен қатар, Абылайхан және Әйтеке би көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Айта кету керек, өткен жылы да ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына апаратын жол жөнделіп, қиыршық тас төселді. Абылайхан көшесіне асфальт жабындысы төселіп, жол сапасы жақсарды.
Қ.Омарұлы көшесінде жабық футбол алаңы салынып, ауылда учаскелік полиция пункті мен өрт сөндіру бекеті бой көтерді. Ауылдық клуб пен мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өтті.
Сондай-ақ, ауылдың сәулеттік келбетін жаңғырту мақсатында Бәйтерек кешені абаттандырылып, жаңартылды. Жоба аясында 1 100 шаршы метр брусчатка төселіп, 550 шаршы метр бетон плитка орнатылып, жарықтандыру жүйесі толық жаңартылды.
Бұдан бөлек, атауы жоқ көшелерге жарықшамдар орнатылып, Ә.Жақсыбайұлы және Төле би көшелеріне жаңа тротуарлар төселді. «Шаңырақ» нысанында Құрмет тақтасы орнатылып, ауыл орталығында жаңа саябақ ашылды.
Жуантөбе ауылдық округінде бейнебақылау жүйелері орнатылып, электр бағаналары безендіріліп, елді мекеннің келбеті айтарлықтай жақсара түсті.
Айта кетейік, Жуантөбе ауылы өткен жылы «Үлгілі ауыл – 2025» облыстық байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, өңірдегі үздік елді мекендердің бірі ретінде танылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1202601?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version