2026 жылғы 15 сәуірде Мұнайлы ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхан Асхат Қазыбекұлының төрағалығымен, Маңғыстау облысы әкімі Н.И. Қилыбайдың 2026 жылғы 24 ақпандағы №11-08/03 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және вакцинациялау жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу мақсатында Мұнайлы ауданы елді мекендері әкімдерінің қатысуымен үйлестіру кеңесі өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үйлестіру кеңесін Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Куркинбаева Гульнар Утебаевна ашты. Кеңес барысында Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Исаева Ботагөз Усмановна 2026 жылдың І тоқсанындағы ауданның эпидемиологиялық ахуалы және профилактикалық егу деңгейі туралы баяндама жасады, сондай-ақ ауданның денсаулық сақтау саласы бойынша 2026 жылдың І тоқсан көрсеткіштері туралы Жанар Досжанова және туберкулез аурушаңдығы мен оның алдын алу шаралары туралы Ш.Сапарбаева баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1202792?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version