Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
– жастарды көктемгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу;
– халықты әлеуметтік қорғау мәселелері;
– мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібін сақтау;
– жұмыс уақытын тиімді жоспарлау.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары атқарылған жұмыстарға талдау жасап, анықталған кемшіліктерді атап өтті және қатысушыларға жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді. Анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою және қойылған міндеттердің орындалуын күшейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1202688?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау