Абай облысы Полиция департаментінде департамент бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияровтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Кеңесте жедел-қызметтің I тоқсан бойынша нәтижелері қаралды.
Сонымен қатар, кеңес барысында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Бұл бағытта полиция қызметкерлерінің халықпен бірлесіп жұмыс істеуі, құқықтық мәдениетті арттыруы негізгі міндеттердің бірі екені де айтылды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау және қоғамда нөлдік төзімділік қалыптастыру мәселелері де кеңінен қозғалды.
Эльдар Нұрланұлы аумақтық бөлім басшыларына жеке құрамның тәртібін қатаң бақылауда ұстауды және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруды тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге басым міндеттер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1202650?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау