Алматыда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес басшының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенованың төрағалығымен жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

 

Іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері, қалалық лагерьлердің басшылары, сондай-ақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.

 

Семинар барысында Гаухар Сұлтанқызы жазғы демалыс орындарын балаларды қабылдауға дайындау, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру, сумен жабдықтау және ағынды суларды бұру, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндама жасады.

 

Сонымен қатар, Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Гүлнара Сахиевна Какимова балалардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, білім беру ұйымдары үшін белгіленген қолданыстағы тамақтану стандарттарын сақтау қажеттігін атап өтті.

 

Сондай-ақ жаз мезгілінде өндірістік бақылауды міндетті түрде жүргізу, оның ішінде зертханалық талдаулар ұйымдастыру мәселелері де кеңінен қарастырылды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға нормативтік құжаттарға енгізілген соңғы өзгерістер ескеріліп, тиісті ұсыныстар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1203510?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version